Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Тұмаудан қауіп бар

ЖРВИ – әртүрлі қоздырғыштарымен, соның ішінен парагрипп, аденовирустар, риновирустар, метапневмовирустар, бокавирустар және басқалары олардың 300 астам түрлерінен пайда болатын әлемде ең көп таралған тобы.

Тұмау – тұмау вирусымен пайда болатын, тығыз қарым-қатынаста болған кезде адамнан адамға тез таралатын тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық ауруы. Тұмау кезінде инкубациялық кезең 1 күннен 4 күнге дейін ауытқиды (әдетте 2-3 күн). Қазіргі танда тұмау вирусының А, В және С тобына жататын бір-бірінен антигендік құрылымы бойынша айырмашылығы бар 2000-нан астам варианттары анықталды.

Тұмау- вирустары негізінен жөтелген және түшкірген кезде ауа тамшы жолымен таралады. Бұл инфекция жұқтырған адам жөтелген немесе түшкірген кезде пайда болатын бөлінді тамшылары ауа бойынша беріледі және жанындағы адамдардың аузына немесе мұрнына түседі. Тұмау вирустарын сондай-ақ адам басқа адамның денесіндегі немесе қандай да бір заттағы осындай тамшы бөліндісіне қолын тигізіп, одан кейін қолын жумай қолымен аузын немесе мұрнын ұстаған кезде жұқтыруы мүмкін. Арнайы қадағалау адамның қолы күніне 300 рет мұрыннан немесе көзден бөлінетін бөлінділермен байла-ныста болатынын көрсетті.

ЖРВИ-дің және тұмаудың негізгі белгілері мыналар: ЖРВИ кезінде ауру біртіндеп және көп жағдайда шаршағыштықпен, мұрынның бітелуімен басталады, одан кейін ауру асқынған кезде құрғақ жөтел пайда болады. Тұмауға температураның күрт көтерілуі (жекелеген жағдайларда 40,5 градусқа дейін), жарыққа сезімталдығының жоғары болуы, бүкіл организмнің сырқырауы, сондай-ақ басының және бұлшықеттерінің ауыруы тән. Тұмаумен аурудың алғашқы тәулігінде Сіз мұрынның бітелуінен қорғанышта боласыз. Бұл осы вирусқа ғана тән. Тұмаудың едәуір белсенді фазасы аурудың үшінші-бесінші күндерінде байқалады. Ал түпкілікті сауығу 8-10 күндерде байқалады. Әсіресе вирусты аурулар тәуекел тобы деп аталатын кішкентай балаларда, жүкті әйелдерде және қарт адамдарда ауыр өтеді.

ЖРВИ-мен және тұмаумен аурудың қаупі Көп адамдар мұны зиянсыз ауру, әрбір адам ауыратын және қорқынышты ештеңе жоқ деп түсінеді. Бірақ шын мәнінде тұмау – бұл ең көп асқынулары бар ауру! Тұмаудың кең тараған асқынуы өкпенің қабынуы– пневмония болып табылады. Құрама инфекциялар – вирусты және бактериялық пневмония сирек кездеседі. Тұмаудан кейін жиі пайда болатын басқа да қайталанатын бактериялы инфекциялар: отит (құлақтың қабынуы), фронтит, гайморит және басқалар. Тұмау жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына үлкен әсер етеді. Жүрек аурулары бар адамдарда миокардит (жүрек бұлшықетінің қабынуы) және перикардит (жүрек қабықшасының қабынуы) дамуы мүмкін, бұл өз кезегінде жүректің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Тұмау кезінде асқынулар өлім жағдайына алып келеді. Жүйке жүйесінің әртүрлі зақымдануы да тұмаудың салдары болуы мүмкін. Олар полиневрит, радикулит, невралгия сияқты аурулар түрінде пайда болады. ЖРВИ да көптеген проблемаларға әкеледі. Олар созылмалы ринит, синусит, тонзиллит, фарингит, бронхит, пневмония сияқты аурулардың пайда болуына немесе өршуіне әкеп соғады. Нәтижесінде бірін-бірі асқындыратын аурулардың үзілмейтін тізбегі пайда болады және уақыт өте келе олардың саны өсе түседі.

ЖРВИ-дің және тұмаудың алдын алу

Тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы алдын алу шаралары кешенінде вирусты аурулардың алдын алудың екі негізгі тәсілі пайдаланады: ерекше профилактика (вакцинация) және ерекше емес қорғаныш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тұмаудың алдын алудың едәуір тиімді әдісі аталған эпидемиялық маусымда едәуір өзекті болып табылатын тұмау вирустарынан және олардың құрамына кіретін вирустардан қорғауды қамтамасыз ететін вакцинация болып табылады. Вакцинация әсіресе тәуекел топтарындағы – балаларға, қарт адамдарға, жүкті әйелдерга, созылмалы жүрек және өкпе аурулары бар науқастарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне жасалады. Аудан бойынша ақылы екпемен қамтылғандар саны-322 болса,ақысыз екпемен қамтылғандар саны-2508. Жұмыс беруші тарапынан-845, Ақылы, ақысыз жұмыс беруші тарапынан екпемен қамтылғаны-3675 болды. Аудан бойынша екпе 12,1 % ті құрады.

ЖРВИ-дің және тұмаудың ерекше емес профилактикасы: Ауырған адамдармен (балалармен) қарым-қатынасты шектеу. Бұл өте тиімді, бірақ ЖРВИ-дің және тұмаудың алдын алуды іске асырудың күрделі әдісі, өйткені адам күн сайын адамдар көп жиналатын орындарға – қоғамдық көлікке, дүкендерге және басқаларға, ал балалар – ойын-сауық мекемелеріне, алдағы уақытта өтетін жаңа жылдық таңертеңгіліктерге барады.

Ата-аналар егер балалары сирек және жеңіл түрде ауыратын болса, онда оларды шектемеуге де болатынын ескеруі керек. Бірақ бала жиі ауыратын болса және күзде бронхит, пневмониямен ауырса, баланың қоғамдық ойын-сауықтарға қатысуын барынша шектеу керек. ЖРВИ-мен, тұмаумен ауырған науқас үйде ауыруы тиіс! Жөтелген, түшкірген және сіңбірген кезде аузы мен мұрнын орамалмен жабуы керек, сілекейін шашыратпауы, құшақтаспауы және сүйіспеуі керек. Өйткені сілекей мен қақырықтың тамшылары инфекцияны жұқтырудың негізгі көздері болып табылады.

Медициналық бетперделерді пайдалану. Бұл ретте бетперделерді әрбір 3 сағат сайын ауыстыру ұсынылады, өйткені олар қақырықты өте тез сіңіреді және уақтылы ауыстырмаған кезде ол вирустың резервуары болады. Үй-жайды жиі желдету керек, себебі ауа қарқынды алмасқан кезде ауада вирустардың шоғырлануы, тиісінше инфекцияны жұқтыру мүмкіндігі аз болады. Витаминдер мен ақуызға бай, иммунитетті арттыратын тағамдарды (пияз, сарымсақ, шөптен, итмұрыннан және қарақаттан жасалған сусындарды және ашытқан қырыққабат, мүгжидек, лимондар, киви, мандариндер, апельсиндер, грейпфрут сияқты құрамында С витамині көп басқа да өнімдерді) тұтыну керек.

Г.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.