Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36. +7 (71239) 3-07-66 makat70@mail.ru

Энергияны сусыннан алмаңыз!

Созылмалы аурулардың (семіру, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкология, ас қорытудың бұзылуы) жас кезде байқалады.

Тамақтану саласы бойынша білімді болу денсаулық үшін пайдалы әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді және тамақтануға байланысты туындайтын аурулар қаупін азайтады.

Осы мәселеге орай қоғамда қаншама түсінік жұмыстары жүргізілсе де, тамақтану тәртібін бұзушылар өзінің денсаулығына қол сұғып отырғандарын сезер емес. Өткен аптада Мақат кентіндегі Л.Шахатов атындағы орта мектептің акт залында «Мінез құлық, қауіп-қатер факторларын, алдын алу мақсатымен «Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жекеменшік мекемесінің әлеуметтік маңызды жобасын іске асыру жоспарына сай «Ішімдік және энергетикалық сусындардың алдын алу» тақырыбында ата-аналармен бірлескен семинар өткізілді. Семинарда Мақат аудандық орталық ауруханасының нарколог-фельдшері Лира Наукенбаева ішімдік пен энергетикалық сусындардың балалар денсаулығына тигізетін кері әсері, зияны туралы түсінік берді.

Ата-аналарға балаларын зиянды әдеттерден аулақ болуы үшін салауатты өмір салтын сақтауға Энергетикалық сусындар – бұл жастар мен ересектер арасында кеңінен таралған өте қауіпті азық-түлік түрі. Сусынды негізгі тұтынушылар 17 жастан 24 жасқа дейінгі (30 %) оқитын және жұмыс істейтін ер адамдар (28,6 %). Көбіне энергетикалық сусындарды тұтынушылар – бұл студенттер, спортшылар және автомобилистер. Тонусты арттыратын сусындар дискотекалар мен түнгі клубтарда белсенді түрде сатылуда. Өндірушілер оны ішкеннен кейін сергіп, көңіл-күйдің жақсаратындығына, күш жиналып, жұмыс қабілеттілігінің артатындығына және т. б. кепіл береді. Алайда, шындығында осылай екендігіне көз жеткізу керек? Энерготониктер құрамы үнемі бірдей болмайды. Олардың құрамында қант өте көп болады. Ол - сусындарды тәттілендіруге арналған калориясы жоғары компонент. Оның шамадан тыс мөлшері ағзаға өте зиянды және ол қант диабеті, семіру сияқты ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Тіс дәрігерлері қанттың шамадан тыс мөлшерінің тіс жегінің пайда болуына әкеліп соғатындығын айтып отыр.

Энергетикалық сусындарды белгіленген мөлшерлемеге сай тұтыну қатаң талап етіледі.Максималды мөлшер – күніне 2 құты сусын. Мөлшерден асыру – қан қысымының немесе қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін.Энергетикалық сусындар Франция, Дания және Норвегияда ресми түрде рұқсат етілмеген және дәрі ретінде тек дәріханаларда сатылады. Энергетикалық сусындардың құрамындағы дәрумендер мультидәруменді кешенді алмастыра алмайды.Жүрек аурулары бар, гипо немесе гипертониямен ауыратын адамдарға энергетикалық сусындарды тұтыну құпталмайды. Сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Глюкоза мен кофеиннен тұратын энергетикалық сусын жас ағза үшін өте зиян. Көптеген энергетикалық сусындардың құрамында көп мөлшерде В дәрумені болады. Бұл жүрек соғысын жиілетіп, аяқ-қолдардың дірілдеуіне себеп болуы мүмкін. Спорттық жаттығулардан кейін энергетикалық сусындар ішпеңіз – спорттық сусындар да қан қысымын көтереді. Семинардан соң дәрігерлер орталық базарда болып, мамандармен сауалнама жүргізді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.